қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.11.2019

Ғылыми шығармашылық көрме

 

2019 жылы 14 қарашада Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен «Жасампаз» галериясында студенттердің шығармашылығын дамыту мен қызығушылықтарын арттыру мақсатында 74-ші ғылыми шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

 

Көрмеге институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Қайшыбеков, «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов, «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Ерболат Кисімесов, профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттар, студенттер қатысты. Көрме байқау негізінде өткізілді. Қазылар алқасының төрағасы: Ержан Рысымбетов, қазылар алқасының мүшелері: Мәлік Қайдаров, Серғазы Жаманқараев, Мият Джанаев болды. Байқау нәтижесінде «Кескіндеме» бөлімі бойынша: I-ші орынды 5 курс студенті Ботакөз Дүйсебаева (жетекшісі: Ержан Рысымбетов), II-ші орынды 5 курс студенті Тоғжан Есім (жетекшісі: Ержан Рысымбетов), 1 курс студенті Бақыт Ғалымжанова (жетекшісі: Серғазы Жаманқараев), III-ші орынды 3 курс студенті Жансая Ешманова (жетекшісі: Күпан Келденова), 2 курс студенті Маржана Авдылманапова (жетекшісі: Мәлік Кайдаров), 3 курс студенті Тұрсын Жансая (жетекшісі: Серғазы Жаманқараев) иеленді.

 

«Сурет» бөлімі бойынша: I-ші орынды 1 курс студенті Анель Ізмұхан (жетекшісі: Серғазы Жаманқараев), II-ші орынды 1 крус студенті Рысбек Наурыз (жетекшісі: Серғазы Жаманқараев) иеленді. «Қолданбалы қол өнер» бөлімі бойынша: I-ші орынға 3 курс студенті Дариға Қасенова (жетекшісі: Базар Ырыстанұлы), II-ші орынға Елнұр Қасымжан (жетекшісі: Есенкелді Құлжабаев) ие болды.

 

«Графика және дизайн» бөлімі бойынша: I-ші орынды 3 крус студенті Алтынай Кембаева (жетекшісі: Есенкелді Құлжабаев), II-ші орынды 2 крус студенті Диана Құдабаева (жетекшісі: Гүльнара Бекова), Анастасия Богатырева (жетекшісі: Есенкелді Құлжабаев), III-ші орынды 2 курс студенті Гүлназ Қуанышбекова (жетекшісі: Гүльнара Бекова), 1 крус студенті Аружан Болатқызы (жетекшісі: Есенкелді Құлжабаев), 2 курс студенті Тахмина Разматова (жетекшісі: Гүльнара Бекова) иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы