қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.10.2019

Т.Садықовты еске алуға арналған қалалық футбол турнирі

 

2019 жылдың 19 қазаны күні академик Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовты еске алуға арналған студент жастар арасында футболдан қалалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Турнир университетіміздің «Спартак» спорт кешенінде өтті. Турнирге Алматы қаласының жетекіші жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысты.

 

Спорттық шараны университет ректоры Такир Балықбаев ашып, турнирге қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Сөз кезегін алған Тоқмұхамед Садықовтың ұлы - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов білім ордамыздың басшылығына дәстүрлі футболдан трунирді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, спортшыларға табыс тіледі.

 

Бас төреші Еркін Нұржанов турнир Ережелері және ойын тәртібімен таныстырып өтті. Ресми шара университет өнерпаздарының концертімен жалғасты.

 

Айта кететін жайт, спорттық додаға қатысушы командалар 19-25 қазан күндері аралығында белгіленген ойын кестесіне сәйкес өзара жарысқа түсіп, 25 қазаны күні сағат 14.00-де өтетін спорттық шараның жабылу салтанаты барысында жарыстың жеңімпаздары марапатталады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі департамент