қазақша · русский · english
   
Кафедра марапаттары мен жетістіктері

 

Практикалық тілдер каферасы оқытушыларының еңбектері мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, ректорат және директорат тараптарынан ұдайы жоғары бағаланып отырады.


П.ғ.д., профессор Розалинда Әшірбаевна Шаханова «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1995), «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен (2013), ҚазМемҚызПУ дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет белгісі» медалімен (2014) марапатталған, «Үздік мұғалім» грантының иегері (2015), Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталған (2016).


П.ғ.д., профессор Гульмира Абзалхановна Қажығалиева Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының корреспондент-мүшесі (2006) болып табылады, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2007» мемлекеттік грантының иегері болды, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен(2009), ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен (2008) марапатталған, ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі ғылыми атағы берілген (2009), Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталған (2017).


Ф.ғ.к., доц. Гүлжиһан Пішенбайқызы Шахарман (2014) және аға оқытушы Раушан Курбановна Тохтамова «Үздік ұстаз» төсбелгілерімен марапатталған (2013).


Ф.ғ.к., доценттер Галина Рабиковна Қадырова мен Алмагүл Дильдиновна Маймақоваға Ресей жаратылыстану академиясының профессорының ғылыми атағы берілген (2014), сонымен бірге «Ғылым мен білім берудің еңбек сіңірген қызметкері» атағымен (2014) марапатталған.


Ф.ғ.к., доц. Гүлжиһан Пішенбайқызы Шахарман 2010 жылы ҚР «Балаларға берілген жүрек» энциклопедиясына «ҚР білім беру ісінің үздігі» ретінде кіргізілді, 2014 жылы «Білім беру ісіндегі үздіктер» энциклопедияның редакциясымен оны жоғары кәсіби шеберлігі үшін және ҚР пайдасына жасалған жанқиярлық жұмыстар үшін халықаралық дипломмен марапаттады.


П.ғ.д., профессор Гульмира Абзалхановна Қажығалиева, ф.ғ.к., доцент Галина Рабиковна Қадырова, ф.ғ.к., доцент Алмагүл Дильдиновна Маймакова 2013 жылы «Ғылыми өмір. ҚР ғалымдары. 1 том» жинағына енгізілді.


Ф.ғ.к., университет проф. Мереке Иманбековна Уюкбаева «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2017).


Кафедра оқытушылары ректорат және директорат тарапынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.