қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.03.2011

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Қазақстан тарихшылары қауымдастығы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2010 жылдың 21 қазанындағы № 4455-1 тапсырмасына байланысты Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және Қазақстан тарихшылары қауымдастығы 2011 жылдың 15-16 сәуір күндері «Бүгінгі Қазақстан: тарих ғылымы мен біліміндегі өзгерістер және міндеттер» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан тарихшыларының Бірінші Конгресін өткізеді.

Конгрестің мақсаты - отан тарихының методологиялық мәселелерін, білім беру үдерісіне отандық тарихнамадағы жаңа тұжырымдардың енгізілу барысын, тарих ғылымы мен білімінің қоғамның, жас ұрпақтың азаматтық және отансүйгіштік санасын қалыптастыру ісіндегі орны мен атқаратын міндетін талқыға салу болмақ.

Конгресс төмендегідей секциялар бойынша жұмыс атқарады:

1. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихын зерттеу мен оқытудың іргелі мәселелері

Талқылауға ұсынылатын мәселелер:

- Н.Ә. Назарбаев және оның тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру ісіндегі рөлі;

- Қазақстан қоғамының өзгеруі: экономика, саясат, мәдениет;

- мемлекеттіліктің қалыптасуы: ішкі және сыртқы саясаты;

- Қазақстан - ұлтаралық және дінаралық келісім мен ынтымақтастық елі.


2. Тарихи мұра: ХХІ ғасыр көзқарасымен

Талқылауға ұсынылатын мәселелер:

- Өткенімізді тану контекстіндегі зерттеу методологиясы;

- «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы білім және ғылым жүйесінде;

- Қазақстан Республикасының тарихын жаһандану үдерісі жағдайында зерттеу және оқыту мәселелері;

- жас ұрпақ санасында тарихи таным мәдениетін қалыптастырудағы сабақтастық пен методологиялық негіздері;


3. Отан тарихын оқытудағы және зерттеудегі ақпараттық

технологиялар.

Талқылауға ұсынылатын мәселелер:

- тарих пәндерінен ғылыми-зерттеу лабораторияларын даярлаудың мүмкіндіктері мен жолдары;

- тарихи зерттеулер мен тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар: алғашқы нәтижелері мен болашағы;

- жастарды оқыту мен ғылыми зерттеу ісіне бағыттауда верификациялық электронды ресурстар даярлау мәселелері;

- мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жетілдіру.

Конгресс аясында «Орта білім және жоғары оқу орындарында тарих

білімін жаңартудағы қазіргі оқулықтардың ролі» атты дөңгелек үстел

жоспарланған.

Талқылауға ұсынылатын мәселелер:

- тарих пәндерінің типтік оқу бағдарламалары;

- орта, арнаулы-орта және жоғары оқу орындары үшін оқулықпен оқу-құралдарын даярлау, оларды сараптаудан және сынақтан өткізу жолдары;

- оқу жүйесінде жастарды азаматтық құндылықтар - отансүйгіштік, руханилық, төзімділікке баулу және Қазақстан Республикасының бүгіні мен болашағы үшін жауаптылық қасиетін қалыптастырудың міндеттері.

Конгресс жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері,

жоғары оқу орындарының жетекшілері мен өкілдері қатысады.

Конгресс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.

Конгрестің материалдары жинақ болып басылып шығады.

Конгреске қатысушылар тезистер мен өтініштерін 2011 жылдың 1 сәуіріне дейін жеке файлдар ретінде мына электрондық мекен-жайға

жіберу қажет:

Сексенбаева Гульзира Ашимхановна (s.gulzira@mail.ru.Тел. 8-702-186-48-79)

Мырзатаева Забира (zabyra73@mail.ru.Тел. 8-777-734-03-70)

Айменова Гульмира (gulmirajanas@mail.ru.Тел. 8-702-688-01-85)

Анықтамалық байланыс телефоны: 8(7272) 91-46-72