Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
03.12.2016
ЖҰМАДАҒЫ ЖЫЛУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 3 желтоқсан - Халықаралық Мүгедектер күніне орай Тәрбие басқармасы және Тарих және құқық институтының бірлесе ұйымдастырумен 2016 жылдың 2 желтоқсанында «Жұмадағы жылулық» атты қайырымдылық акциясы өтті. Институт директоры, профессор Болат Жұмағұловтың тікелей бастамасымен жүргізілген бұл шара Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты мүгедек балаларға арналған №2 Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балғын сәбилеріне арналды. Институт студенттері Аяз атамен Ақшақар кейпінде киініп, балғын сәбилерге мерекелік бағдарлама мен сыйлықтарын ұсынды. Кішкентайынан ата-анасының мейірімін көрмеген балғын балапандар үшін бұл шара тосын сыйға толы, жан жылуын сыйлаған мереке болды. Мекеме басшысы Латифа Хамзақызы Қожамқұлова қарамағындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындарға бағытталған бұл шараға мұрындық болған ҚазҰПУ басшылығы мен студенттеріне ерекше алғысын білдірді. Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|