қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.10.2019

Алматы мұғалімдері халықаралық ғылыми зерттеулерге қатысады

 

2019 жылдың 28 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Алматы қаласының халықаралық ғылыми жобаға қатысушылар мен оқытушыларының бірлескен семинары өтті.


Оқырмандар құзыреттілігін қалыптастыруға арналған ғылыми жоба Мәскеулік ғалымдармен бірлесе отырып жасалған. Семинарға Экономика жоғарғы мектебі білім беру институтының білім беру сапасын бақылау орталығының ғылыми қызметкері, магистрлік бағдарламаның жетекшісі Инна Антипкина келді.


Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева жобаның мақсаттары туралы айтып берді.


Семинарға қаланың 11 мектебінен 70 мұғалім қатысты. Олардың барлығына ғылыми және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор Ақтолқын Құлсариева қол қойған сертификаттар берілді.

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы