қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.07.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ Миколас Ромерис университетінде Erasmus+ қызметкерлер алмасуының 9-шы аптасына қатысты

 

2019 жылдың 2-6 шілдесі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық ынтымақтастық департаментінің үлестірушісі Айжан Атшабарова Литвадағы Миколас Ромерис Университеті ұйымдастырған Халықаралық апталыққа қатысты.


Абай атындағы ҚазҰПУ Миколас Ромерис Университетінде 9-шы Erasmus+ қызметкерлермен алмасу апталығы бойынша әріптес ретінде шақырылды.


Бұл іс-шараның басты мақсаты - Erasmus+ бағдарламасы бойынша әртүрлі халықаралық университеттермен серіктестік және KA107 кредиттік ұтқырлық.


Бағдарлама ғылыми тәжірибе немесе халықаралық қатынастармен алмасуға мүдделі қызметкерлер үшін ұйымдастырылды. Биылғы жылы бұл шараға әлемнің әр түрлі университеттерінен 40-қа жуық адам қатысты. Қатысушылар Миколас Ромерис Университетінің халықаралық офис қызметкерлері, ғылыми орталық (сапа кепілдігі орталығы), ғылыми-зерттеу және инновациялық қолдау орталығы мен кітапхананың қызметкерлерінен дәрістер мен семинарларды тыңдады. Сонымен қатар, әр қатысушы келесі факультеттердің бірінде болды: экономика және бизнес факультеті, заң факультеті, мемлекеттік басқару факультеті, гуманитарлық институт, психология институты, байланыс институты, білім беру және әлеуметтік жұмыс институтында болды. Жалпы алғанда, Халықаралық апталық университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін өте жақсы ұйымдастырылған жемісті шара болды.

 

   

 

  

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті