қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.06.2019

«I teach in English» курсын аяқтаған студенттерге сертификат табыстау рәсімі

 

2019 жылдың 18 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «I teach in English» курсын аяқтаған студенттерге сертификат табыстады.

 

Іс-шара барысында студенттер курс аясында жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ағылшын тілінде еркін таныстырылым жасады. Сонымен қатар «АТОҮ» тіл мектебінің директоры Н. Мағзбек мырза сөз алып, студенттердің 7 ай ішінде алған асулары мен бағындырған белестері жайлы баяндады. Жиын соңында университетіміздің ректоры Такир Балықбаев студенттерге білім жолында табыс тіледі.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

«Мансап» орталығы