қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы
  • Кафедра тарихы

Абай атындағы ҚазҰПУ Көркем-сурет факультетінде 1993 жылы «Графика» мамандығының ашылуына байланысты графика кафедрасы құрылған болатын. Кейінірек, «Интерьер дизайны» мамандығы ашылған соң, кафедра қазіргі атауына ие болды - «Графика және дизайн» кафедрасы. Бүгiнде кафедрада жоғары ЖОО-да жұмыс iстеудің мол тәжiрибесі бар, ұзақ жылдар бойы арнайы пәндерді оқытудағы авторлық әдiстерін жасап, оларды апробациядан өткізген бiлiктi мамандар жұмыс iстейдi. Бiздiң факультет оқытушылары - қазақстандық бейнелеу өнерiнің «Алтын қоры». Олар тек бiлiктi педагог мамандар ғана емес, сонымен қатар графика, кескіндеме, дизайн және өнердің басқа түрлеріндегі қызмет істеп жүрген мамандар.

  • Студенттік өмір

Кафедра студенттерi факультеттiң қоғамдық өмiрiнде белсене қатысады, байқаулар, университеттiк педагогикалық олимпиадалар, дебат клубтары:

-«Студетке қабылдау»;

- «Студенттік көктем»;

- Факультеттер арасындағы «КВН»

- Қалалық «Алма» фестивалі;

- Алматы қаласының балалар онкологиялық ауруханасының интерьеріне сурет салу.