қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.04.2019

«Университет көктемі-2019» әдістемелік фестивалы

 

2019 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Жастары жылына тарту ретінде Математика, физика және информатика институтында «Университет көктемі-2019» тақырыбында болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндер бойынша оқу жетістіктері мен әдістемелік, басқару құзыреттіліктерінің Y- Әдістемелік фестивальі өтті.

2015 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан, бұл оқу- тәрбиелік және ғылыми-әдістемелік жобаның авторы және ұйымдастырушысы Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының доценті Светлана Жұмашева. Фестиваль бағдарламасы бойынша студенттер «Менің қалауым- рухани жаңғыру» атты педагогикалық эсселер байқауына қатысып, «Виват, менеджмент!» пәндік газеттер мен «Болашақ педагог-менеджерлер портфолиоларының» көрмесінде болды.

 

Әдістемелік сайыстың негізгі кезеңінде студенттер шығармашылық топтарының мектеп оқушыларының қатысуымен қорғауға ұсынған «Өзіндік презентациялары» және «Менеджмент білгірлері» блиц-турындағы теориялық білімдері сыналды. Сонымен бірге қазіргі мектепте кездесетін әр түрлі қарама-қайшылықтар, шиеленістер мен қақтығыстарға дұрыс педагогикалық шешім табуға бағытталған «Басқару кейстері» арқылы өздерінің басқару икемділіктері мен ұйымдастырушылық дағдыларын көрсете білді.

 

Соңғы турда жаңартылған орта білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, мұғалімнің уақытын тиімді пайдалану жолдары, цифрлық ғасыр оқушысын төрбиелеудегі проблемалар, зиянды әдеттер және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, жемқорлыққа қарсы технологиялар - осындай көкейкесті әлеуметтік мәселелерге арналған «Спикерлер сайысы» кезеңі де өте қызықты өтті.

 

Сондай-ақ, интербелсенді түрде біздің университетіміздің Наурыз мерекесіне арналған «Қазақтың ұлттық киімдері» және «Көңілді көктем» фотосуреттер жарнамасы өткізілді.

 

Фестивальдің соңында әр түрлі номинациялар бойынша мараппатау рәсімі болып, дәстүр бойынша фестиваль гимні шырқалды.