қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.04.2019

ҚазҰПУ ректоры Қазақстандағы Египет Араб Республикасы Елшілігінің Өкілетті Елшісімен кездесті

 

  


2019 жылдың 16 сәуірінде ректор Такир Балықбаев Қазақстандағы Египет Араб Республикасы Елшілігінің Өкілетті Елшісі Абдулхамид Эль-Рафи мырзамен, Мысыр мәдени және білім беру орталығының директоры және атташесі Ранда Ризк ханыммен және Мысыр мәдени және білім беру орталығының жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы Жандос Жорабековпен кездесті.


Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев құрметті қонақтарды ҚазҰПУ қызметінің негізгі жетістіктерімен таныстырды, сондай-ақ 2019 жылдың 4-5 сәуірінде Каир қаласында өткен Египет Араб Республикасының жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрлігі ұйымдастырған Жоғары білім және ғылыми зерттеулер бойынша Бүкіләлемдік жаһандық форумға қатысқан кезде алған әсерлері туралы пікірлерімен бөлісті.


Кездесуде Египеттен шетелдік студенттерді тарту, Египет университеттерінен араб оқытушыларын шақыру, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогикалық білім беру тәжірибесін Египет университеттерінің педагогикалық факультеттеріне таныстыру туралы және ҚазҰПУ мен Әл-Азхар университетінде ғылыми білім беру орталықтарын ашу туралы мәселелер талқыланды.


Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Египет университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарын дайындау туралы шешім қабылданды.

 

   

 

   

 

  

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті