қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.04.2019

Өзбек ақындары кітаптарының тұсаукесері

 

2019 жылдың 18 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде О.Досбосынов атындағы жас айтыс ақындары орталығының ұйымдастыруымен таңдаулы өзбек ақындарының үздік туындыларынан тұратын «Жүз өлең» кітабының тұсау кесу рәсімі өтті.

 

Іс-шараны ашқан Әдебиет әлемі әдеби орталығының жетекшісі, ақын Мұратхан Шоқан, ҚазҰПУ ректорының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Мақсат Жақау бұл игі бастама Өзбекстандағы Қазақстанның жылы аясында және қазақ-өзбек әдеби, мәдени, рухани байланыстарын одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

 

Өзбекстанның белгілі ақындары мен университетіміздің профессор-оқытушыларының қатысуымен «Жүз өлең» кітабының тұсауы кесілді. Сондай-ақ өзбекстандық ақындар өз туындыларынан үзінділер оқып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Іс-шара соңы университет жастарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі