қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.10.2015

Ұстаздар ұлықталды


2015 жылғы 6 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жұрт жадында ұзақ уақыт сақталатындай салтанатты жиын болып өтті. Бұл мерекелік жиын Ұстаздар күніне арналды. Әсем безендірілген кең залға жиналған университет ұстаздарын, студенттер қауымын осы оқу орнының бірінші проректоры, х.ғ.д., профессор Мүбарак Ермағанбетов әрбір адамның жүрегіне жақын айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының көш басшысы Абай атындағы ҚазҰПУ ұстаздарының жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы ерен еңбегін ерекше атап көрсетті. Өйткені құрылғанына 87 жыл болған білімнің осы қара шаңырағында 150 мыңнан астам мұғалім білім алған, қазір де білім беру саласына аса қажетті мамандар даярлануда. Мүбарак Ермағанбетов ұстаздар қауымы алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталды.
Жылы лебізді құттықтау сөзінен соң университеттің байырғы ұстаздарын, үлгілі еңбектерімен ел көңілінен шығып жүрген үздік мұғалімдерді марапаттау рәсімі өткізілді.
Мерекелік жиын соңы тамаша концертке ұласты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы