қазақша · русский · english
 
 
 
 Алиаскаров Думан Тоқтарұлы
Кафедра меңгерушісі
Аға оқытушы, PhD доктор
Қазыбек би көшесі, 30
 8-705-666-53-01
duman_06@mail.ru

 

«География және экология» кафедрасының негізгі қызметі географиялық білім және ғылым, туризм және қонақжайлылық саласындағы білім беру қызметтері нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.

 

Кафедра сабақтарының негізгі циклі физикалық және экономикалық география, базалық және мамандандырылған туризм пәндері бойынша теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы аталған «5В011600 - География», «5В060900 - География», «5В090200 - Туризм», «5В060800 - Экология» мамандықтарының студенттерімен, «6М011600 - География», «6М060900 - География» магистранттарымен және «6Д011600 - География», «6Д060900 - География» докторанттармен ғылыми, оқу-тәрбиелік және қоғамдық жұмыстар жүргізеді.

 

Кафедраның ПОҚ 31 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 5 - география ғылымдарының докторлары, 14 - география, туризм және педагогика саласындағы ғылым кандидаттары мен доценттері, 3 - доценттер, 7 - география магистрлері және 2 - туризм магистрлері. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі және атағы барларының үлесі - 65,5%. Орташа жас-52.

 

Кафедрада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының төрт жеңімпазы - Б.Ш.Әбдіманапов, К.Д.Каймулдинова, К.Ш.Бакирова және Д.Б.Джусупова жұмыс істейді.

 

Оқу-әдістемелік жұмыс. Кафедраның ПОҚ Қазақстанның жоғары оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізеді. А. С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С. А. Әбілмажинова, Б. Ш. Әбдіманапов орта білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы бойынша жаңа буын оқулықтарының авторлары болып табылады.


Мекенжайы: 050010. Алматы қ, Қазбек би көшесі, 30. 1 БОҒ, 617 кабинет.

 

 

«География және экология» кафедрасы келесі бағыттағы бакалавриат, магистратура, докторантура мамандарын даярлайды:

 

Білім бағдарламасы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Квалификация

БАКАЛАВРИАТ

1

6В01515 - География (IP)

6В01-Педагогикалық ғылымдар

6В015 - Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

В014 - География мұғалімдерін даярлау

«География (IP)» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

2

6В01516 - География-тарих

«География-тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

3

6В05203 - География

6М05 - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

6В052 - Жер туралы ғылымдар

В084 - География

«География» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

4

6В05202 - Экология

6В05 - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

6В052 - Қоршаған орта

В052 - Экология

«Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

5

6В11101 - Туризм

6В01 - Қызметтер

6В111 - Қызмет көрсету саласы

В091 - Туризм

«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету бакалавры

МАГИСТРАТУРА

1

7М01515 - География

7М01-Педагогикалық ғылымдар

7M015 - Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау

М015 - География педагогтерін даярлау

«География» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

2

7М05203 - География

7М05 - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

7М052 - Жер туралы ғылымдар

М084-География

«География» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

3

7М05202 - Экология және ТДМ

7В05 - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

7М052 - Қоршаған орта

М052 - Экология

«Экология және ТДМ» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ДОКТОРАНТУРА

1.

8D01515 - География

8D01 - Педагогикалық ғылымдар

 

D015 - География педагогтерін даярлау

«География» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы

2.

8D05203 - География

8D05 - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

8D052 - Жер туралы ғылымдар

D084-География

«География» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы

 

«География және экология» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуеті:

Ғылыми потенциал - 66,6%

Ғылым докторы, профессор - 5

Ғылым кандидаты, доцент (қауымдас.проф.м.а.) - 7

Ғылым кандидаты, аға оқытушы (қауымдас.проф.м.а.) - 2

PhD, қауымдас.проф.м.а. - 4  

PhD, аға оқытушы - 4

магистр, аға оқытушы - 6

магистр, оқытушы - 1

ҚазҰПУ доценті - 3

аға оқытушы - 1