қазақша · русский · english
   
Ғылыми- зерттеу қызметі

 

Кафедраның ПОҚ-ы педагогика ғылымының алуан түрлі бағыттары бойынша, атап айтқанда, тәрбие теориясы мен практикасы саласында; кәсіптік-педагогикалық білім, этнопедагогика және т.б. ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы ғылыми бағыттарда кафедраның профессор оқытушылар құрамы университет бойынша, ғылым және білім министрлігі тарапынан ұйымдастырылатын әр түрлі тақырыптағы тендрлік жобаларға, оқу үрдісіндегі халықаралық стандарттарға негізделген ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, бағдарламаларды құрастыруға қатынасып келеді. 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы эксперттік жұмыстарға қатысып отырады. Мысалы Шолпанқұлова Г.К. қаңтар айында 2013жылы Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы, Астан қаласы.

Сонымен қатар ізденушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді (Иманбаева С.Т., Джанабаева Р.А., Хан Н.Н.). 

ҚР «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру мақсатында кафедраның профессорлары Шолпанқұлова Г.К., Берикханова А.Е. университетте ұйымдастырылып, өткізіліп жатқан ағылшын тілінің курстарына қатысады. 

Бүгінгі таңда «Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасы төмендегі үш ғылыми бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді:

  • Студент жастарға ұлттық тәрбие беру;
  • Жоғары мектеп жағдайында ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру;
  • тұлғаның өзін-өзі тануы.

Соның ішінде маңыздысы ретінде университет ректорының гранты бойынша «Жоғары оқу орны жағдайында ұлттың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру» тақырыбындағы мегажобаны ерекше атап өтуге болады. Бұл жобаны орындауға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, сонымен бірге кафедра оқытушылары, атап айтқанда, кафедра меңгерушісі, п.ғд., профессор С.Т.Иманбаева, п.ғ.д., профессорлар Н.Н.Хан, С.И.Калиева, п.ғ.к., профессорлар А.Е.Берикханова, Г.К.Шолпанқұлова және п.ғ.к., аға оқытушылар Н.Кенжеғараев, Д.Нұрғалиева қатысты.

«Жоғары мектеп жағдайында болашақ маманның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруды  ғылыми - әдістемелік қамтамасыздандыру» атты ғылыми жоба 2013 жылдың сәуірінен бастап өз жалғасын тапты.

Осы ғылыми жоба аясында:

-    Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту Тұжырымдамасы; Авторлар ұжымы: Пірәлиев С.Ж., Иманбаева С.Т., Хан Н.Н., Калиева С.И., Берикханова А.Е., Шолпанқұлова Г.К. - 37 б. Алматы - 2012 ж. 

-   «Жоғары мектеп жағдайында ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру» ғылыми еңбектер жинағы, ред. басқ. Пірәлиев С.Ж.  -300 б. Алматы - 2012ж.

-   Бұл ғылыми мәселе бойынша 73 мақала, соның ішінде, ИФ журналдарда - 7,  алыс және жақын шетел журналдарында - 4, Қазақстан Республикасының БҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен журналдарда - 17,  отандық  журналдарда - 11, халықаралық  конференциялар материалдарында - 31, республикалық конференциялар материалдарында - 3 жарияланған.

 

Кафедрада студенттердің ғылыми-жұмысы да өз дәрежесінде ұйымдастырылады. Оған оқытушы, магистр Әбжан Г.М. жауапты.

2012-2013 оқу жылында университет деңгейінде дәстүрлі ұйымдастырылып отырылатын студенттердің ғылыми конференциясына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. «Студент  жастардың тұлғалық дамуындағы  ұлттық  тәрбиенің рөлі» секциясы деп аталды. 

 Қазақстан Тәуелсіздігінің 21 жылдық мерекесіне орай өткізіліп өтырған конференция жұмысының негізгі мақсаты   студент жастардың ХХІ ғасырда  ұлттық тәрбиемен сусындаған   зияткерлік тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Студенттердің ізденіс жұмыстарында «Зияткер тұлғаны қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің  маңызы», «Тұлғаның  патриоттық құндылықтарын қалыптастыру жолдары», «Ұлтаралық келісімнің мәні- Қазақстан  халқы бірлігінің негізі , «Ұлттық тіл - тәрбие тірегі», «Отбасы- ұлттық тәрбие  ордасы», «Қазақстан жастарының кешегі мен бүгінгі, бүгіні мен ертеңі арасындағы маңызды ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау», « Абай шығармаларындағы жан мен тән ұғымының арақатысы» ,«Тиым сөздердің тәрбиелік мәні»,  «Ұлттық тіл- тәрбиенің өзегі» , «Діни экстремизм және жастар», «Қазіргі заманғы ақпараттық, телекоммуникациялық жағдайдағы студент жастардың ұлттық санасын қалыптастыру  мәселесі», тақырыптарында ізденіс жұмыстарын жүргізген студенттер өздерінің  ұлттық тәрбие беру проблемаларын зерттеуде, теориялық білімдерін жеткізіп, тақырып мазмұнын ашуда ақпараттық материалдарды кеңінен пайдалана білді. Өздерінің ізденіс жұмыстарын техникалық құрал жабдықтармен мыс: слайд арқылы  сабақтастырып, тұжырымдарын жеткізе білді. Ізденіс жұмыстарында сауалнамалық және статистикалық мәліметтер берілді.       

Конференцияның жүргізілу барысында тақырып бойынша берілген сұрақтарға дәлелді де дәйекті  жауап беру - ізденіс жұмысында зерттеушілік бағытты ұстануымен  студенттер өздерінің аса үлкен жауапкершілікпен және конференцияға дайындықпен келгендерін байқатты. Конференцияға қатысушы баяндамашы студент тарпынан «Толық адам» степендиясын тағайындау туралы ұсыныс айтылды. Орындарды белгілеу барысында студенттердің де ұсыныстары ескерілді.

Конференция жұмысында белсенділік көрсеткен, мазмұнды сапалы, ғылыми негіздегі баяндама жұмыстарын жасаған студенттер мақтау грамотасымен марапатталды.

І-орын. Айтқалиева Бегімзада- ғылыми жетекшісі:    п.ғк.,  аға оқытушы 

Нұрғалиева Д.Ә.

І-орын.  Халық Ұлбосын- ғылыми жетекшісі: п..ғ.д., проф. Иманбаева С.Т.

І-орын. Сұлтан Мадина, Құрымбай Э.- ғылыми жетекшісі : п..ғ.к., проф. Берикханова А.Е.

ІІ-орын. Мұрат Назым- ғылыми жетекшісі: п..ғ..д., проф. Джанабаева Р.А.

ІІ-орын. Толыбаева Толғанай- ғылыми жетекшісі: магистр- оқытушы Әбжан Г.М.

ІІ-орын. Сапарғалиева Сымбат- ғылыми жетекшісі: п,.ғ.к., проф. Шолпанкулова Г.К.

ІІ-орын. Нағашыбай Мақпал- ғылыми жетекшісі: пғ.к., аға оқытушы Нұрғалиева Д.Ә.

ІІІ-орын. Нұрмахан  Еңлик - ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы Сайдахметов Б.С.

ІІІ-орын. Махмутов Мұхит - ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., проф. Кайдарова А.Д.

Орыс бөлімі бойынша:

І-орын. Шлекенова Е.,  Кураш  Валерия- ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., проф. Хан Н.Н.

І- орын. Ислам Кудайберды-ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., проф. Калиева С.И.

ІІ-орын. Майер Кристина, Ли Арина- ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., проф. Хан Н.Н.

ІІ-орын.  Бейсебаева Айгерим- ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., проф. Калиева С.И.

 ІІІ-орын. Баелова Алтын.- ғылыми жетекшісі : п.ғ.д., проф. Кайдарова А.Д.   

 

«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӨЗІН -ӨЗІ ТАНУ» КАФЕДРАСЫНЫҢ 2012-2013 ОҚУ ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

2013-2014 оқу жылының I-ші жарты жылдығында жарық көрген оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар: