қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.06.2025

«Абай толқынында» халықаралық әдеби челленджі өтеді


2025 жылғы 7 маусым - 10 тамыз аралығында Қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай толқынында» атты халықаралық әдеби челлендж өтеді. Баршаңызды челленджге қатысуға шақырамыз!

 

Челлендждің мақсаты - Абай Құнанбаевтың әдеби-рухани мұрасын дәріптеу. Әр елден 180 қатысушы жиналып, Абай өлеңдерін әр түрлі тілде оқиды. Бұл мәдени диалогты нығайтуға және филологиялық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Челленджге кәсіби филолог немесе Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетіне қызығушылық танытқан кез келген адам қатыса алады.

 

Форматы: қатысушыларға Абай шығармаларынан үзінділерді кез келген тілде оқитын түпнұсқа бейнеролик жасау және оны әлеуметтік желілерде хэштегтермен жариялау ұсынылады: #НаВолнеАбая / #AbajNaFali / #TheAbaiWave.

 

Толық нұсқаулық түпнұсқа бейненің сипаттамасында және YouTube түсініктемелерінде қол жетімді: https://youtu.be/0TvGGeh1scs?si=-pUnaONZ1ZtOOgWm. Бейне бірнеше тілде субтитрлермен қол жетімді.

 

Жобаның бастамашысы - PhD доктор, әдебиеттанушы, Польшадағы қазақ мәдениетін насихаттаушы және Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының түлегі Максим Пономаренко.