![]()
08.05.2025 Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқылаудан өтеді 2025 жылдың 26 мамырында сағат 11:00-де «8D02314 - Лингвистика» білім беру бағдарламасы бойынша Кобландина Карлыгаш Султанбековнаның философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақ медиа кеңістігіндегі перифразалардың аксиологиялық және прагматикалық қызметі» деп аталатын диссертациялық жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау - қазақ тілінде өтеді.
Есенова Қалбике Өмірбайқызы - филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Ахмет Боран - филология ғылымдарының докторы, профессор, Фырат университеті (Элязыг қ., Түркия).
1. Қалыбаева Қаламқас Сейдуллаевна - филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); 2. Жумагулова Бакитгуль Сакеновна - филология ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ., Қазақстан); 3. Манкеева Жамал Айтқалиқызы - филология ғылымдарының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
Идентификатор: 962 6830 1960 Код: 1234 Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 13. Бас оқу ғимараты (4 қабат, 412 кабинет).
|