«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы хабарландыру
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет» КеАҚ
қызметкерлеріне, барлық білім алушыларға, барлық мүдделі заңды және жеке тұлғаларға
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8 бабының 5 тармағына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі- Университет) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі, 2025 жылдың 22 мамыры мен 03 шілдесі аралығында университеттің Академиялық мәселелері жөніндегі департаменті (бұдан әрі - Департамент) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу процесіне қатысып, Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша ұсыныстар бере алатыныңызды хабарлаймыз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауына қатысуға мүдделі болған жағдайда, өзіңіздің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау процесіне қатысуға ниетіңіз бен түйіндемеңізді, 2025 жылдың 13 мамырына дейінгі мерзімде жолдауыңызды сұраймыз.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, сондай-ақ НҚА-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелер, жұмыс процестері және басқа да ұсыныстар туралы мәліметтер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға немесе телефон арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.
Ақпарат пен ұсыныстарды parasat.abaiuniversity@mail.ru электрондық поштасына жіберуге, сондай-ақ 8 (727) 291-25-76, 8-775-220-01-96 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.