қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.04.2019

Ғылым онкүндігі аясындағы көрме

 

2019 жылдың 2-12 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылым онкүндігі өткізілуде. 10 күн ішінде бірқатар ғылыми іс-шаралар тоқтаусыз режимде өтуде: көрмелер, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер, отандық және шетелдік белгілі ғалымдармен кездесулер және т.б.

 

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Тарих және құқық институтында Жетісу өңірінің археологиялық, этнографиялық көрмесі ұйымдастырылды.

 

Көрменің негізгі мақсаты - білім алушылардың тек шығармашылық потенциалын дамыту ғана емес, сондай-ақ Жетісу өңірінің археологиялық жәдігерліктер мен мәдени-этнографиялық экспонаттар көрсетіліп, отандық патриотизмді және этникалық-мәдени кодты қалыптастыру болып табылады.

 

Көрмені Ғылыми жобалар мен нормативтік бақылаудың мониторингі бөлімінің бастығы Ғалия Кирилова ашты. Сонымен қатар, көрмеге Түркиядағы Ақтеңіз университетінің профессоры Шахин Филиз қатысып, өз пікірін айтып, университет басшылығына ризашылығын білдірді.

 

Көрмеде археологиялық қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлер, мәдени экспонаттар, портреттер, материалдардан экспонат натюрморттар, сонымен қатар, отандық мәдениетіміздің байлығы көрсетілді.

 

Көрме 2019 жылдың 12 сәуіріне дейін жалғасады.

 

   

 

   

 

   

 

 

Тарих және құқық институты