қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.03.2025

Абай университетінің 66 студенті оқу ақысына жеңілдік алды


Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін әлеуметтік қолдау мақсатында 2024-2025 оқу жылының 2 жартысына әлеуметтік көмекке мұқтаж білім алушылар үшін оқу ақысына 10% - дан 100% - ға дейін жеңілдіктер қарастырылған болатын.

Білім алушылардың оқу ақысына жеңілдіктер беру тәртібі туралы Ережеге сәйкес, 2025 жылдың 20 қаңтар мен 3 ақпан аралығында оқу ақысына жеңілдік алу үшін өтінім қабылданды.

Нәтижесінде, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша - 66 студентке оқу ақысына жеңілдік берілді.

 

Жеңілдік алған студенттер тізімі