қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.03.2019

Профессор Б.Қ. Дамитовтың 75 жас мерейтойы

 

  

 

14 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ұстаз және белгілі ғалым, оқу орнының Даму стратегиясы және сапаны сараптау департаментінің директоры Базар Қабдошұлы Дамитовтың 75 жасқа толуына және оның ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстандық инженерлік білім қауымдастығының президенті, KAZSEE аккредиттеу кеңесінің мүшесі Әбдімүтәліп Әбжаппаров, ҚазҰАУ профессоры Есенгелді Медеуов, Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық бағдарламасының үйлестірушісі Шайзада Тасболатова, Қазақ-Неміс университетінің президенті Ласло Унгвари, сондай-ақ бірқатар басқа университеттердің ректорлары және біздің университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

 

Университет ректоры Такир Балықбаев мерейтой иесіне арналған құттықтауында былай деді: «Құрметті Базар Қабдешұлы, Сізді Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің көрнекті ұйымдастырушысы ретінде аса жоғары бағалаймыз.

 

Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және орта арнайы білім беру бас басқармасының бастығы қызметінен ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына дейінгі жолдардан өттіңіз. 2010 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ Даму стратегиясы және сапаны сараптау департаментінің директоры ретінде университеттің даму стратегиясын дамытуға үлкен үлес қосып келесіз. Сіздің тікелей қатысуыңызбен 2011-2020 жж. Университеттің негізгі стратегиялық құжаттары, мониторинг және бағалау жүйелері әзірленді; университет алғаш рет профессор-оқытушылар құрамының, білім беру және ғылыми-зерттеу бөлімдерінің, әкімшілік құрылымдардың жұмысына баға беру жүйесін енгізді. Сіздің басшылығыңызбен, университетте сапаны бағалау жүйесі сәтті жүзеге асырылуда. Бұл жүйенің негізгі элементтері - аккредитация, білім беру бағдарламаларының рейтингі, әлеуметтік сауалнама және мұғалімдерді дифференциациясы. Сіздің ғылыми-педагогикалық қызметіңіз және жоғары білім саласындағы беделіңізді республиканың ғылыми-мәдени қоғамы жоғары бағалайды және мойындайды. Сіздің Отан игілігі үшін жемісті қызметіңіз жоғары бағаланып, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталдыңыз. Сізге жақсылық пен өркендеу тілеймін!».

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Базар Қабдошұлын туған күнімен құттықтай отырып, мерейтой иесіне ұзақ өмір және Қазақстандағы педагогикалық білім игілігі үшін жемісті еңбек тіледі.

 

Мерекелік іс-шараның басқа да қатысушылары мерейтой иесіне арнап құттықтау сөз сөйлеп, бағалы сыйлықтарын табыс етті.

 

Сөз соңында Такир Балықбаев шараға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, жақсы денсаулық, ғылыми және әлеуметтік қызметте табыстар тіледі.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім