қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.03.2019

Мақсат Қантарбаевтың «Шежірелі нақыштар» көрмесі

 

27 ақпан ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтының түлегі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Мақсат Қаңтарбаевтың «Шежірелі нақыштар» көрмесі өтті.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты - мәдениетаралық диалогты нығайту, ел жастарын отаншылдыққа тәрбиелеу, өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру, халықаралық білім жобаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.

 

Университет ректоры Такир Балықбаев құттықтау сөз сөйлеп, іс-шара қатысушыларына жылы лебізін білдірді. Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры, институт басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы да өз құттықтауларын жеткізді.

 

Көрменің ашылуында Максат Қантарбаев Университеттің 90-жылдығына арналған төсбелгімен марапатталды. Іс-шара кейіпкерінің құрметіне «Музыкалық білім» кафедрасы «Музыкалық сүйемелдеу» оркестрімен шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Түлектер қауымдастығы