қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.06.2024

«BR18574162 Инклюзивті бағдарланған арнайы педагогтерді даярлау» ғылыми бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары


2024 жылдың 24 маусым - 5 шілде аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін ЖОО оқытушыларын даярлау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда. Аталған курс «BR18574162 Инклюзивті бағдарланған арнайы педагогтерді даярлау» ғылыми бағдарламасының тиімді ғылыми-зерттеу тәжірибесін тарату мақсатында өткізіледі.

 

Спикерлер: арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы.

 

Қатысуға жоғары және жоғарғы орнынан кейінгі білім беру орындарының профессор-оқытушылар құрамы, арнайы педагогтер, практиктер және қызығушылық білдіруші тұлғалар шақырылады.

 

Өтетін уақыты: 24 маусым - 05 шілде 2024 жыл.

Форматы: онлайн/оффлайн

Zoom: 388 434 77 81
Коды: 1206