қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.04.2024

Абай университетінде Ашық есік күні


Құрметті талапкерлер және ата-аналар!


Сіздерді 2024 жылдың 4 мамырында сағат 11:00-де Абай университетінде өтетін Ашық есік күніне шақырамыз.

 

Іс-шараның мақсаты - талапкерлерді университеттің оқу бағдарламаларымен, инфрақұрылымымен және студенттік өмірімен таныстыру.

 

Ашық есік күнінде еліміздің тұңғыш университеті - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламалары және білім алудың бірегей мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттар ұсынылады.

 

Өтетін уақыты: 4 мамыр 2024 жыл, сағат 11:00

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, Достық көшесі, 13, 6 оқу ғимараты.