қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.04.2024

Өмір бойы оқыту дегеніміз не және оған ересек тұрғындарды тарту неге маңызды?

 

Өмір бойы оқыту - бұл адамның өмір бойына жалғасатын үздіксіз оқу және даму процесі болып табылады.Сондықтан өмір бойы оқыту - білім беру мен кәсіби даму жүйесін жаңғыртудың қажетті элементі. Осыған орай өмір бойы оқытуды оңтайлы қамтамасыз ету үшін білім берудің барлық деңгейлері мен нысандары құрылымының үздіксіз білім беру ісіне  белсене қатысуы маңызды.

 

Неліктен ересек тұрғындарды өмір бойы оқуға тарту маңызды? Ересек тұрғындарды өмір бойы оқуға тарту олардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, сонымен қатар олардың білім деңгейін көтеру мен шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

 

Абай университеті ересек тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ететін «Күміс университеті» жобасы аясындағы курстар мен іс-шараларға белсене қатысуға шақырады. Осылайша, кез келген жастағы тұрғындардың үздіксіз оқуы мен дамуы үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынып отыр.