қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.04.2024

Өмір бойы оқыту - қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер


Технология мен білім тез дамып келе жатқан қазіргі әлемде өмір бойы білім алу маңызды қажеттілікке айналды. Осы орайда өмір бойы оқу (үздіксіз білім беру) кез келген жаста формалды, формалды емес және информалды (өздігінен білім алу) яғни, жаңа білімге, дағдыларға үнемі ұмтылуды білдіреді.

 

Өмір бойы оқыту қазақстандықтардың білім мен құзыреттілікке негізделген жеке және кәсіби әлеуетін барынша жетілдіруге бағытталған үздіксіз оқу және даму процесі болып табылады. Демек, олардың өмір бойы жаңа дағдыларды игеруге саналы түрде ұмтылуын білдіреді. Осылайша, өмір бойы оқыту қазақстандықтардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашары анық.