қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.04.2024

Студенттерді интерактивті оқытуда мұғалімнің құралы - білім берудегі сторителлинг бойынша семинар өтеді

 

2024 жылдың 08 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы Ғылым онкүндігі аясында «Білім берудегі сторителлинг - студенттерді интерактивті оқытудағы педагог құралы ретінде» атты республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өткізеді.

 

Мақсаты - сабақтарда студенттердің оқу-танымдық қызметін жандандыратын және олардың коммуникативтік қабілетін дамытатын білім беру құралдарын қолданудың мәселелері мен перспективалары бойынша пікірталас алаңын құру.

 

Спикер - Танатова А.Д., п.ғ.к., педагогика кафедрасының аға оқытушысы. Модератор - Колумбаева Ш.Ж., педагогика кафедрасының меңгерушісі.

 

Семинарға Қазақстанның жоғары оқу орындарының докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамы шақырылады.

 

Іс-шараны өткізу тілі: орыс тілі.

 

Уақыты: 11.00 (Астана уақыты).

 

Формат: онлайн.

https://zoom.us/j/92764675960?pwd=OUU5ZGxSZmRqaTNUYXhKSzJYc3ZiZz09

 

Конференция идентификаторы: 927 6467 5960

 

Кіру коды: 752252