қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.03.2024

Абай университеті оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми жобаларын қаржыландыратын Ректор грантына конкурс жариялайды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми жобаларын қаржыландыратын Ректор грантына конкурс өтетіндігін хабарлайды.

 

Конкурстың мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес педагогикалық зерттеу университетінің деңгейіне жету үшін корпоративтік ғылымның перспективалық ғылыми бағыттары мен кластерлерін анықтау.

 

Өтініш беруші Абай атындағы ҚазҰПУ-дың штаттағы оқытушысы немесе қызметкері және Конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім Конкурстық құжаттаманың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жасалады. Өтінім, ілеспе хат және сұратылатын қаражат есебі мемлекеттік тілде және/немесе орыс тілінде беріледі.

 

1 жобаны қаржыландыру сомасы 3 млн теңгеге дейін.

 

Жобаны іске асыру мерзімі: 9 ай.

 

Конкурстық өтінімдер 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін университеттің Ғылым департаментіне тапсырылады. Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203-А.


Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры Абдигапбарова У.М.

 

Конкурстық құжаттама тіркелген.