
  
Негізгі бет /
Хабарландыру
20.02.2024 «География және экология» кафедрасының кеңейтілген отырысы 
 Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты 2024 жылғы 22 ақпаңда сағат 14:00-де «География және экология» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлайды. 
 Кафедра отырысының күн тәртібі: PhD докторанты Алдажанова Гульнар Булатовнаның «6D060900-География» мамандығы бойынша «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының ауыл шаруашылығын пайдалану ландшафттарын басқарудың географиялық негіздері» тақырыбындағы докторлық диссертациясының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндамасы. 
 Ғылыми жетекшілер: Бейсенова Әлия Сәрсенқызы - география ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Скоринцева Ирина Борисовна - география ғылымдарының докторы, қауым. профессор, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ (Алматы қ., Қазақстан); Красноярова Бэлла Александровна - география ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Сібір филиалының Су және экологиялық мәселелер институты (Барнаул, Ресей). 
 Ресми рецензенттер: Токбергенова Айгуль Абдугаппаровна - география ғылымдарының кандидаты, доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Абдешов Куаныш Бакытжанович - философия докторы (PhD), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚазАТЗУ), (Астана қ., Қазақстан). Тилекова Жанна Тилековна - география ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). 
 
 Кеңейтілген отырыс 2024 жылғы 22 ақпанда сағат 14.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-да өтеді. 
 Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30. Бас ғимарат (6 қабат, 609 кабинет) 
 Zoom:https://us04web.zoom.us/j/74322184494?pwd=SDT5U2wxJaxpXCp8Kzbhe8UxdiSmuh.1 
 Идентификатор: 743 2218 4494 
 Код: 2BKZq8 
  |