қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.02.2019

Білім сапасын арттыру: мақсат және нәтиже

 

2019 жылдың 7 ақпанында академик, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, п.ғ.д., профессор Асқарбек Құсайынов магистранттарға, докторанттарға және жас ғалымдарға арналған «Білім сапасын арттыру: мақсат және нәтиже» тақырыбында ғылыми - әдіснамалық семинар өткізді.

 

Семнинардың мақсаты - магистранттардың, докторанттар мен жас ғалымдардың білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау болып табылады. ХХІ ғасыр - дамыған елдердің білім беру жүйесі мен білім сапасын анықтауда PISA, TIMSS, PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер жүйесі кеңінен қолдану жолдары талқыланды.

 

«Менің арманым, ойым - Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан мен Мәңгілік Ел деген идеяны ұсынамын. Мәңгілік ел - дамыған ел. Қандай болмасын елдің экономикалық және ғылыми-техникалық дамуы, бәсекеге қабілеттілігі, ұлт болашағы, адами капиталының деңгейі мен мемлекеттің қауіпсіздігі сол елдің білім беру жүйесінің дамуы мен білім сапасына тікелей тәуелді болатынын ескере отырып, оны дамыту мақсатында ғылыми негізде жүйелі жұмыс жүргізу қажет», - деді Асқарбек Құсайынов.

 

Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алынды. Семинар өте жоғары ғылыми деңгейде және жемісті өтті.

 

«Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева семинар тақырыбының маңыздылығы туралы айтып, семинарды қортындылады. Қатысушыларға арналған сөзінде Ұлбосын Қыяқбаева бұл ғылыми кездесу тек қана ақпараттық қана емес, сонымен қатар өзінің мазмұндылығымен, жаңашылдығымен есте қалатынын атап көрсетті.

 

   

 

   

 

   

 

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы