
Негізгі бет /
Хабарландыру
07.12.2023
Ұлттық құндылықтарды насихаттау бойынша зияткерлік іс-шара өтеді
2023 жылдың 9 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасында «Ұлттық құндылықтарды ұлықтау - ұлағатты іс» тақырыбында зияткерлік іс-шара өтеді.
Іс-шараның мақсаты - университеттің болашақ ұстаздары мен белсенді жастарының басын біріктіріп, оқу үдерісіне ұлттық құндылықтарды енгізу бойынша пікір алмасу.
Іс-шара келесі кезеңдерден тұрады: І. TEDxABAY - сайысы; ІІ. ABAY QUIZ - зияткерлік ойыны; ІІІ. «Мәдени мұра», «Ұлттық тіл», «Отбасы және әулет», «Тұлға», «Салт-дәстүр», «Дәстүрлі өнер» тақырыптары бойынша үй тапсырмасы. Тақырыпты қатысушы топтар өздері таңдайды.
Ұйымдастырушылар: аға оқытушы Базарбекова Рабиға, «Ұлттық қазына» клуб мүшелері, 2-3 курс студенттері Өткізілетін уақыты: 09.12. 2023, сағат 11.00.
Өтетін орны: Педагогика және психология институты, №15 аудитория.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|