қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.12.2018

«Жаңа заман - жас маман» семинар - тренингі

 

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мансап» орталығы ректор Такир Балықбаевтың қолдауымен бітіруші түлектерден құзыретті, жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған «Жаңа заман - жас маман» семинар-тренингтер сериясын жалғастыруда.

 

Кезекті семинар 15 желтоқсанда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы Әбеу Нұркелдімен өткізілді. Әбеу Нұркелді бітіруші түлектеріге химия және биология пәнін ағылшын тілінде сабақ жүргізудің тиімді жолдарын түсіндіріп, learningapps.org порталын сабақ барысына пайдаланудың артықшылықтарымен таныстырды. Сонымен қатар порталда тапсырма жасау жолдарын көрсетті.

 

Бітіруші түлектер тақырыпқа қатысты түрлі деңгейдегі сұрақтарды қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Қара шаңырақ түлектері бүгінгі оқу үдерісіне сақадай сай екенін бүгінгі өткен семинар барысында тағы бір дәлелдеді. Алдағы уақытта семинар-тренингтер сериясы әлі де жалғасын табады.

 

   

 

   

 

  

 

«Мансап» орталығы