Негізгі бет
Жаңалықтар
12.12.2018 Латын қарпіне көшуде жас ғалымдар ұстанымы: мәселе, пікір, ұсыныс
2018 жылдың 11 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді беру беру институтында «Латын қарпіне көшуде жас ғалымдар ұстанымы: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесті университет ректорының «Латын қарпіне көшуде қазақ тілінің өзіндік дыбыс нормасын сақтаудың лингвистикалық негіздері» гранттық ғылыми жобасын орындаушы жас ғалымдар ұйымдастырды. Жоба жетекшісі - директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Жаңагүл Саметова, орындаушылары - академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушы Алмас Найманбаев және «6D021300-лингвистика» мамандығының 2 курс докторанты Тоқтар Керімбеков.
Семинар-кеңестің мақсаты: қазақ тілінің латын қаріпіне көшу үдерісіндегі жас тілші-ғалымдардың ой-пікірін білу, түйткілді мәселелерін тыңдау және өзіндік ұсыныстарымен бөлісу болды.
Семинар-кеңеске Қазақстан мен Түркия мемлекеті жоғары оқу орындарының, Академиялық зерттеу институттарының 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, ізденуші докторант, магистрант және студенттері қатысты.
Атап айтқанда, семинар-кеңес барысында төмендегідей негізгі баяндамалар оқылды:
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша баяндамашыларға сертификаттар табысталып, шешімімен ұсынылған баяндамалар ғылыми жинақ түрінде жарық көретін болды. Ол ғылыми жинаққа Қазақстанның жоғары оқу орындарының, Академиялық зерттеу институттарының 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, ізденуші докторант, магистрант және студенттерінің қазақ тілінің латын қарпіне көшудегі өзіндік ұстанымдары, мәселелері, ұсыныстары жайындағы мақалалары кіреді
Филология және көптілді білім беру инcтитуты |