қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

Жалпы бағыт
1) Жатақханадағы кезекшілік
Кафедра оқытушылары жыл бойы деканат құрған тізім бойынша кезекшілік атқарып, өздерінің тақырыптары бойынша консультациялар, әңгімелер жүргізіледі.
2) Студенттердің мәдени құзыреттілігінің артуына бағыт-бағдар беру. Оқу жылы барысында студенттер эдвайзерлермен бірге Алматы қаласының теартрларын, көрмелерін, Ә. Қастеев атындағы мұражайды, геологиялық мұражайды аралап, өз пікірлерін ортаға салды. студенттердің оқу үлгерімін, сабаққа қатысуын топ жетекшілері үнемі бақылап отырады.
Эдвайзерлер мен бітіруші түлектер педагогикалық тәжірибе барысында кәсіби бағыт беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізді.
Кафедра ұжымының ұйымдастыруымен түлектерге арналған «ашық есік» күні өткізілді. Онда №36 орта мектептің бітіруші түлектерімен университетіміздің тарихы, кафедраның тарихы жұмыс атқару, университетте мамандар даярлау барысы жайында отырыс өткізілді. Химия, биология пәндері бойынша лабораториялық аудиторияларға, жабдықтарға саяхат жасады.
Кәсіби бағыт-бағдар беру барысымен кафедра ұжымы Есік қаласына, Шелек қаласына, Моловодный ауылына барып қайтты.