қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.03.2023

Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

 

2023 жылдың 4 сәуірінде сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D010900-Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Калыбекова Жанар Абдыхалиевнаның «Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне математиканы кәсіби бағытта оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.

 

Кафедраның кеңейтілген мәжілісі офлайн және онлайн форматта өтеді.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - орысша.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕРІ:

Әбілқасымова Алма Есімбекқызы - ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының менгерушісі.

Смирнов Владимир Алексеевич - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті Элементар математика кафедрасының менгерушісі, Мәскеу қ., Ресей.

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Қағазбаева Әспет Кеңесбекқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.02).

Жұмағұлова Зәуре Әбдікенқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, PhD, жетекші ғылыми қызметкер, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.02; 6D010900 - Математика).

 

Zoom конференцияға қосылу:

https://us06web.zoom.us/j/82161878016?pwd=S0tMT2ZOd0VlUUpTVHpHaDRydjlzUT09

 

Конференция идентификаторы: 821 6187 8016

 

Код: 628223

 

YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCBUJDvtbCbblef5qhUQMMhw

 

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, Оқу корпусы №5 (4-қабат, 415-кабинет).