қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.11.2018

«Василий Сухомлинский - қазіргі заманғы диалогта» тақырыбындағы дөңгелек үстел


2018 жылдың 6 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Василий Сухомлинский - қазіргі заманғы диалогта» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ол ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына және көрнекті украиндық ұстаз В.Сухомлинскийдің 100 жылдығына арналды.


«Дөңгелек үстелді» Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Алматы облысының «Просвiта Жетису iм. Т. Шевченко» және Алматы қаласының Украин мәдени орталықтарымен бірлесе ұйымдастырды.


Іс шараның мақсаты: Василий Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларын сақтау және оны қазіргі ұрпаққа насихаттау мен түсіндіру.


«Дөңгелек үстел» мәжілісін құттықтау сөзбен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, профессор Ақтолқын Құлсариева ашып, атақты украиналық ұстаз Василий Сухомлинскийдің педагогикалық мұралары өзінің өзектілігін жоғалтпай, қазіргі заманға сәйкес келіп отырғандығына кеңінен тоқталды.


Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісінің Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор Такир Балықбаевқа жолдаған ыстық ықыласқа толы құттықтауын «Просвита Жетісу» украин мәдени орталығының басшысы Николай Дурас табыстады.


Сонымен қатар дөңгелек үстел мәжілісінде сөз алған Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсуров Василий Сухомлинскийдің өмір жолына тоқталып, ол туралы тың деректерді ортаға салды.


ҚазҰПУ түлегі Татьяна Кайдалова ағымдағы жылдың қазан айында Кропьевницк қаласында (Украина) өткен «Василий Сухомлинский - заманауи диалогта» халықаралық конференциясы материалдарына шолу жасады. Ол В.Сухомлинскийдің әлемдік педагогикалық ғылымға қосқан үлесіне кеңінен тоқталды.


Іс-шара барсында «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, профессор Айгерім Көшербаева, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Сағыныш Ошақпаева, «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты Гулзира Молдабеккызы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Александр Чередниченко және т.б. қатысушылар мазмұнды баяндамалар жасады.


Іс шара соңында «Дөңгелек үстелге» қатысушыларға арнап шағын концерт берілді.

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы