қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.01.2023

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

 

2023 жылы 31 қаңтарда сағат 11.00-де «8D01201 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы (6D010100 - Мектепке дейінгі білім және тәрбие)» мамандығы бойынша Ақынова Жібек Мұхтарқызының философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.

 

Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн-форматта өткізіледі.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Халитова Исламия Рамазанқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Зеки Өзен - философия докторы (PhD). Анкара университеті (Анкара қ. Түркия).

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Бапаева Мариям Курмангалиевна - психология ғылымдарының кандидаты, профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Тоқсанбаева Нургул Коргаджановна - психология ғылымдарының докторы, доцент. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Абитова Гулбану Тастановна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Ахметова Айгул Игеновна - философия докторы (PhD), аға оқытушы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

 

ZOOM:

https://us06web.zoom.us/j/82870729329?pwd=RVk1WjFGUk85WjU4UGtrRTlReWN3UT09

 

ID: 828 7072 9329

 

Code: 789390

 

YouTube:

https://www.youtube.com/channel/UCBUJDvtbCbblef5qhUQMMhw

 

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Бас оқу ғимараты (4-ші қабат, 412 кабинет).

 



69

Кері оралу