қазақша · русский · english
   
Дипломдық жобалар тізімі

 

Диплом жұмысын қорғау 050119 шет тілі: екі шет тілі: мамандықтары бойынша  ТАБ,АРАБ,ПАБ,ҚытАБ өткізіледі. Дипломдық бітіру жұмыстарының тақырыптары «050119-шет тілі: екі шет тілі» мамандығына сәйкес болып табылады. Дипломдық бітіру жұмыстарының тақырыптары кафедра мәжілісінде хаттама негізінде мақұлданып, шетел тілдері және халықаралық қатынастар факультетінің  Кеңесі отырысында бекітіледі.  Диплом жұмыстары кафедрада алдын-ала талқылаудан өтіліп, қорғауға жіберіледі.

Бітіруші курстағы студенттер  мамандық стандартының талабына сай дипломдық жұмыс жазып шығарады. Диплом жұмысының тақырыбы алуан түрлі және құрамында қазіргі дамудағы әр мамандықтың өзекті мәселелері қамтылады. Диплом жұмыстары нақты практикалық материалдарға сүйеніп жазылады, олар түйін және ұсыныстан тұрады.  Тақырыптың өзектілігі мен мазмұндық жағы талапқа сай, атап айтқанда, қазіргі парсы және қазақ тілдері негізінде тиісті лингвистикалық тақырыптар бойынша салыстырмалы әдіспен орындалған.  

Дипломдық бітіру жұмыстары тақырыптары әр оқу жылы сайын қайта қаралып, студенттердің үлгерімі мен жалпы біліктілік деңгейіне орай оқытушылар тарапынан сарапталып бекітіледі.   

Дипломдық бітіру жұмыстары тақырыптары жалпы қоғамдық үрдістің қатардағы бір саласы ретінде заманауи тақырыптарды да қамтыды.

Дипломдық бітіру жұмыстарының тақырыптары:

       1. Қытай тілі бойынша Ахметова Динара Бауржановна  «Қытай тіліндегі есептік сөздер(лексикалық-семантикалық және функционалдық талдау)» атты тақырыпта дипломдық жұмыс қорғайды. Ғылыми жетекшісі, т.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ профессор Асылбек Темірбекович Тохметов.

     2. Парсы тілі бойынша Койшыбаева Жазира Саниязбековна  «Қазақ және парсы тіліндегі мағынасы жағынан ұқсас мақал-мәтелдер» атты тақырыпта дипломдық жұмыс қорғайды. Ғылыми жетекшісі,  ф.ғ.к., доцент Садықова Роза Каримовна.

      3.  Араб тілі бойынша Амангелдиева Айзада

Алимжановна «Араб және қазақ тілдеріндегі интонация арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер» атты тақырыпта дипломдық жұмыс қорғайды. Ғылыми жетекшісі, Ф.ғ.к., доцент Абдрахманова  Гүлсім Халықовна.

       4.  Түрік тілі бойынша Қатбаева Айнур Абайовна «Ящар Кемальдің «Қатпа Мәмед» романындағы этнолингвистикалық деректер (антропонимдер, топонимдер, гидронимдер)» атты тақырыпта дипломдық жұмыс қорғайды. Ғылыми жетекшісі, ф.ғ.д., профессор  Князь Ибрагимович Мирзоев.