
Негізгі бет /
Хабарландыру
11.10.2022
Ғылым және жоғары білім министрлігі Республика күніне орай эссе жазудан конкурс жариялады
Ұлттық мереке - 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан конкурс жарияланды.
Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады. Эссе конкурсына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.
Жұмыс 2022 жылғы 15 қазанға дейін Жоғары оқу орнының электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Конкурс бойынша толық ақпаратты жоғары оқу орнының сайтынан қарауға болады.
Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады. Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді. Екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|