қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.07.2018

«Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасының сертификаттарын табыс ету рәсімі

 

         

 

2018 жылдың 9 шілдесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтында «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасының сертификаттарын табыстау рәсімі өтті.

 

«Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Еуропа министрлігі және Франция Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы келісімге қол қоюдың нәтижесі. Бұл бағдарлама жоғары білікті мамандарды дайындау, интернационалдандыру стратегиясын дамыту және қос дипломды білім беру бойынша жоғары білім беру саласындағы қазақстандық-француздық әріптестікті нығайту мақсатында қазақстандық студенттерді Францияның жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа мүмкіндіктері болып табылады.

 

«Абай-Верн» стипендиясының қабылдау комиссиясы ұсынған мәліметтері бойынша 2018/2019 оқу жылына жүзден астам кандидаттардан өтініштер берілген, сарапшылар тобының іріктеуінен 2-курс магистранттары қатарынан 55 кандидат және қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алып жүрген докторанттар қатарынан 10 кандидат өткен.

 

Сертификаттарды табыстау рәсіміне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев, Францияның Қазақстандағы Елшісі Филипп Мартинэ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, профессор Мұрат Жұрынов, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев қатысты.

 

Іс-шараның ашылу салтанатында ректор Такир Балықбаев: «Абай-Верн стипендиясының алғашқы сертификаттары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында табыс етіледі. Осындай салтанатты іс-шараның Университетіміздің қабырғасында өткізу құрметі үшін Францияның елшісі Филипп Мартинэге алғыс айтамыз... 2014 жылы Институт екі ел президенттерінің қатысуымен ашылды. Бұл біз үшін Қазақстандағы Францияның білім беру аралы секілді. Біздің магистранттарымыз бен докторанттарымыз тәжірибе алмасу және білім алу мүмкіндігіне ие болып отырған Франциядағы зерттеу әлеуеті қаншалықты жоғары екендігі бәрімізге мәлім. Ертең бұл мамандар Францияға барады, содан кейін білімдерін шыңдап, өздерінің отанына оралады. Стипендия иегерлерін шын жүректен құттықтаймын және баршаңызға жақсылық тілеймін!».

Іс-шара барысында стипендия иегерлерін Филип Мартинэ, Мұрат Жұрынов, Арын Орсариев құттықтады. Ректор Такир Балықбаев және іс-шара қонақтары стипендия иегерлеріне сертификаттар табыс етті.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім