қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.10.2017

ҚазҰПУ студенттері Сочидегі XIX Дүниежүзілік жастар және студенттер фестиваліне қатысты

 

2017 жылдың 14-22 қазаны аралығында «Бейбітшілік, ынтымақтастық және әлеуметтік әділеттілік үшінбіз империализмге қарсы күресеміз - өткенді құрметтей отырып, болашақты құрып жатырмыз!» тақырыбында ХІХ Дүниежүзілік жастар және студенттер фестиваліне Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері Сәуле Тулешова және Еңлік Нұржақып белсене қатысты.

 

XIX Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалі - бұл студенттер, жас ғалымдар мен мұғалімдер, жастар ұйымдарының өкілдері, спортшылар және әлемнің әртүрлі елдеріндегі 18-35 жас аралығындағы белсенділер қатысатын бүкіл жердің болашағын бейнелейтін алаң.

 

Іс-шараның ұйымдастырушылары - ЮНЕСКО консультативтік мәртебесі бар, Дүниежүзілік демократиялық Жастар Федерациясы және қабылдаушы елдің Ұлттық дайындық комитеті.

 

Фестивальге әртүрлі салаларда болашақты қалыптастырып жатқан және әлемнің 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі тенденцияларын қалыптастыруға дайын 180 елдің жастарының белсенді және жігерлі өкілдері қатысты. Қатысушылар түрлі бағыттар бойынша алаңдармен қамтамасыз етілді. Әр қатысушының өз бағдарламасы бар.

 

Фестиваль әртүрлі елдердің дәстүрлері мен мәдениетімен танысуға тамаша мүмкіндік берді - көптеген ерекше этникалық экспозициялар, әртүрлі этникалық топтардың халықтық ерекшеліктерін көріп қана қоймай, дәстүрлі ән тыңдап, би билеуге, тіпті салт-дәстүр жоралғыларға қатысып, кәдесыйлар сатып алыуыңызға болады. Фестивальдің басты мақсаты - ғылыми және әлеуметтік жетістіктер бойынша тәжірибе алмасу.

 

Біздің студенттеріміздің айтуынша, фестиваль оларға жаңа күш, таныстық, достар және жақсы әсерлер сыйлаған.

 

Еңлік Нұржақып : «Осы фестивальда біз шетелдіктерді ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың творчествосымен таныстырдық, Абай Құнанбаевтың өнерін құрметтейтін және сүйетін басқа ұлт өкілдеріне разы болдық. Ұлы ақын ескеркіші Мәскеуде ғана емес, сонымен қатар Будапештте, Пекинде, Тегеранда, Витебске және Ташкентте де қойылған.Стамбулда Абай Құнанбаев атындағы мектеп бар, Үндістанның астанасы Дели қаласында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың есімі берілген көшені оңай таба аласыз».

 

Сәуле Тулешова : «Ғылым мен білімнің болашағына арналған негізгі медиа-орталықтардың 60 алаңында 11 мыңнан астам қатысушы 818 ғылыми және білім беру іс-шарасына қатысты, оның ішінде 1325 баяндамашылар бар, және басқа да бағыттарды тамашалауға болады. Барлығы еркін, керемет болды. Сочидің осы 10 күн бойы әлем жастары астанасы болғаны бізді қуантады, біз мерекенің ұзақ уақыт бойы жадымызда қалатынына сенімдіміз! Ең маңыздысы - фестиваль бізді болашақта бізді не күтіп тұрғанын білмесек те, бәріміз бірге оны жарқын және бақытты ете алатындығымызды, өйткені бұл үшін бізде бәрі бар екендігін есте сақтауды үйретті».