қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.02.2014

 

Мәжіліс депутаттарымен кездесті


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты үстіміздегі жылғы Жолдауын Қазақстан халқы асқан қуаныш сезіммен, зор ықыласпен қарсы алды. Еліміздің тарихында бұл Жолдау өте үлкен саяси оқиға болып отыр.

 

Елбасымыз биылғы Жолдауының алтын діңгегі, темір қазығы етіп «Мәңгілік ел» идеясын ұсынып отыр. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүрген 22 жыл ішінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан тұрақты түрде қарқынды дамып келе жатқан ел екенін бүкіл әлем мойындады.  

 

Жуырда университетімізде Жолдауды талқылауға арналған жиын өткізіліп, оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,        

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов, Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Тұрарұлы Сейдуманов қатысты.

 

 

 

 

Жиналысты университет ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашты. Депутаттар жиналғандар алдында Жолдау туралы өз ойларын ортаға салып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.