қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.12.2025

ПРОФЕССОРЛАР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

  

Абай университетінің ғылыми әлеуеті жаңа профессор ғалымдармен толықты. Профессор және қауымдастырылған профессор ғылыми атақтарына ие болған бірқатар оқытушыны университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп арнайы құттықтап, дипломдарын табыс етті.


Бұл ғылыми атақтар 2025 жылдың қыркүйек–қараша айлары аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан берілген ресми бұйрықтар негізінде рәсімделді. Профессор мен қауымдастырылған профессор атақтары ғылыми еңбектердің маңыздылығын, педагогикалық тәжірибе мен кәсіби жетістіктерді айқындайтын маңызды көрсеткіш.


Атап айтқанда, «Өнер» ғылыми бағыты бойынша Ерболат Мустафаевқа, «Білім» бағыты бойынша Айман Берикхановаға профессор ғылыми атақтары берілді. Сондай-ақ, «Білім» ғылыми бағытында қауымдастырылған профессор (доцент) атақтарын – Улбосын Кыякбаева мен Бақытгүл Молдағали, «Компьютерлік ғылымдар және информатика» бағыты бойынша Индира Сәлғожа, «Әлеуметтік және экономикалық география» бағыты бойынша Думан Алиаскаров иеленді.


Салтанатты рәсім кезінде университет ректоры ғылыми атақ иелерін құттықтап, олардың білім беру саласын дамытуға қосқан үлестерін жоғары бағалады. Өз кезегінде ғалымдар Қазақстан ғылымы мен білімі жолында аянбай еңбек етуге уәде беріп, университет басшылығына ризашылығын білдірді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі


  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=