қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.09.2025

Ғылыми тәжірибе алмасу: Abai University ғалымдары Ұлыбританияда


4-13 қыркүйек аралығында Abai University ғалымдары: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Улжаркын Абдигапбарова және PhD Мадина Молдагали Ұлыбританияда тәжірибе алмасу бағдарламасынан өтті. Бұл ғылыми іс-сапар ҚР ҒжЖБ ҒК BR21882318 «Жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін "online community"-де қалыптастыру жүйесін кастомизациялау» бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылды. Іс-сапар барысында олар екі ірі халықаралық конференцияға белсенді қатысты.

Бірінщіден, researchED - National Education Conference (Лондон), мұнда мектептер,де университеттерде және басқа да білім беру ұйымдарында білім беруді дамыту мәселесіне арналған 20-дан астам секция жұмыс істеді. Екіншіден, EduCon - London Education Conference, мұнда зерттеушілер "Formation of the digital etiquette of teachers and students in the "online community " of the university" тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға Қазақстан, Жапония, Тайвань, Германия, Ұлыбритания, Уганда, Гана, Түркия және тағы басқа елдердің ғалымдары қатысты.


Сондай-ақ, олар Престондағы Ланкашир университетінің (University of Central Lancashire, Preston) өкілдерімен кездесті, онда білім берудің цифрландыруға заманауи тәсілдері, оқу процесін ұйымдастыру жүйесі, инновациялық білім беру технологиялары және халықаралық ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті. Мұндай тәжірибе алмасу бағдарламасы шетелдік әріптестермен ғылыми зерттеулердің аясын кеңейтуге, кәсіби байланыстарды нығайтуға және болашақ ынтымақтастық перспективаларын айқындауға мүмкіндік береді.

 

 

  alt=  

 

 

  alt=