![]()
11.09.2025 АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫНДА 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 2025 жылдың 8-10 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Абай университетінің филиалында Психологиялық қолдау қызметінің психолог-мамандары 1-курс студенттеріне арналған психологиялық тренингтер өткізді.
Тренингтердің басты мақсаты - студенттердің жаңа оқу ортасына бейімделуін қолдау, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және қарым-қатынас дағдыларын дамыту болды.
8 қыркүйекте студенттердің күйзеліссіз бейімделуіне арналған «Жаңа ережелер, жаңа сен: күйзеліссіз қалай бейімделу керек?» тренингі, 9 қыркүйекте топтық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған «Ортақ мақсат - ортақ табыс» тренингі, ал 10 қыркүйекте тиімді қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында «Тиімді қарым-қатынас негіздері» атты тренинг ұйымдастырылды.
Тренингтер барысында түрлі топтық жаттығулар, пікірталастар мен практикалық тапсырмалар жүргізіліп, қатысушылар өз ойларын еркін білдіруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Студенттер тренингтен жағымды әсер алып, алдағы оқу жылында қолданатын жаңа білім мен дағдыларға ие болды. Жалпы тренингтерге 100-ден астам студент қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі
|