қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.09.2025

ҚАЗҰПУ РЕКТОРЫ «BEIJING PHIHUA» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАБЫЛДАДЫ


2025 жылғы 10 қыркүйекте ҚазҰПУ-да Абай университеті басшылығы мен «Beijing Phihua» компаниясының президенті Мэй Якуннің ресми кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты - екіжақты өзара ынтымақтастықты дамыту және білім-ғылым салаларындағы халықаралық байланыстарды кеңейту.


«Beijing Phihua» компаниясы - Қытайдың Бейжің қаласында орналасқан, халықаралық білім беру технологиясы саласына бағытталған ұйым. Оның негізгі қызметі - халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамыту мен академиялық бағыттар алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру.


Қытайлық компания тарапымен екіжақты кездесуге университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп, Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, Стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгуль Искакова, Қаржы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Камиля Аменова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жәнібеков және қытай тілі кафедрасының меңгерушісі Гүлия Алиханқызы қатысты.


Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп ортақ нәтижелерге қол жеткізу үшін екіжақты тәжірибе, ресурстар және ақпарат алмасуды қамтитын келісім жасау мәселесі тиімді екенін жеткізді. Бұл қасиетті қара шаңырақтың халықаралық деңгейдегі қабілеттілігін арттыра түсетін бастама болары сөзсіз.


Келіссөз барысында компания президенті Мэй Якун Абай университетімен жан-жақты ынтымақтастық орнатуға әзір екенін атап өтті. Сонымен қатар, екі жаққа да тиімді серіктестіктің мәніне назар аудардың аса маңызды екеніне тоқталып, университет студенттерін Қытайда тағылымдамадан өткізуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл бастама жас мамандар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, білімдері мен кәсіби дағдыларын шетелдік ортада жетілдіруге зор мүмкіндік бермек.

 

 

  alt=  


  alt=  

 

 

  alt=