![]()
10.09.2025 ДОКТОРАНТТАР МЕН ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында «Ғылымдағы өзекті мәселелер» атты ғылыми семинар өтті. Семинардың құрметті қонағы ретінде кафедра докторанттарының ғылыми кеңесшісі, Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінің профессоры Южель Гелишли қатысты.
Семинарға «8D03105 - Психология» және «8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология» білім беру бағдарламаларының докторанттары, сондай-ақ кафедраның жетекші ғалымдары - психология ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Сатова, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор м.а. Гүлмира Ниетбаева және психология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Бегалиева қатысты.
Ғылыми семинар барысында психология ғылымының қазіргі даму тенденциялары, әдіснаманың өзекті мәселелері және ғылыми зерттеулердің перспективалары талқыланды. Шара белсенді ғылыми диалог атмосферасында өтті: докторанттар профессор Южель Гелишлиге сұрақтар қойып, өздерінің ғылыми зерттеулері үшін құнды ұсыныстар алды.
Бұл ғылыми семинар халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен психология саласында жас ғалымдарды даярлау сапасын арттырудағы маңызды қадам болды.
|