қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.09.2025

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТІК КЛУБТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ


2025 жылдың 9 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттік клубтардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл шараға 40-тан астам шығармашылық клуб пен 4000-нан аса студент қатысты.


Жәрмеңкенің басты мақсаты  дарынды және бәсекеге қабілетті жастардың университеттегі өмірге тез бейімделуіне жәрдемдесу, студенттік клубтардың жұмысымен таныстыру, клуб құрамына қосылғысы келетін білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну, сондай-ақ клубтардың шығармашылық жобалары мен жетістіктерін көрсету болды. Сондай-ақ іс-шара университеттің әр факультеттерінен келген студенттерге тәжірибе бөлісуге, қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беріп, академиялық салада ғана емес, шығармашылық және әлеуметтік бағыттарда бірлесіп даму үшін пікірлес достар табуға ықпал етті.

 

Жәрмеңке барысында Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің проректоры Мақсат Жақауов сөз сөйлеп, мұндай клубтардың студенттерде көшбасшылық қасиеттерді, топтық жұмыс дағдыларын дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға септігін тигізетінін айтты. Ол студенттерді клуб жұмысына белсенді қатысып қана қоймай, жаңа идеялар мен бастамалар ұсынуға және олардың дамуына өз үлестерін қосуға шақырды. Бұл жастар арасында рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайтып, университет қауымдастығының одан әрі өркендеуіне септігін тигізетін жаңа жобалар мен бастамаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

 

Қатысушылар университеттегі клубтық өмірдің байлығымен танысып, өз жобаларын ұсынуға және жаңа мүшелерді тартуға мүмкіндік алды. Студенттер өнер, ғылым, спорт және еріктілік қызметтермен қатар, өздерін қызықтыратын шығармашылық бағыттар жайлы көбірек ақпарат алды.

 

Абай университеті білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және әр студенттің потенциалын ашуға жәрдемдесіп, белсенді студент қауымын қолдауды әрі қарай да жалғастыра береді.

 

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=