қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.09.2025

Abai University оқытушысы АҚШ-та тағылымдамадан өтуде


Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты А.Б. Иргебаева АҚШ-тағы Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

 

2025 жылғы 4 қыркүйекте АҚШ-тың Калифорния Дэвис университетінде ғылыми тағылымдама үйлестірушілерімен таныстыру кездесуі өтті. Бұл іс-шара халықаралық деңгейде кәсіби даму мен тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылған.

 

Халықаралық біліктілікті арттыру және кәсіптік білім беру орталығының директоры Джейкоб Хозье қазақстандық зерттеушілерді шын жүректен қарсы алып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, орталықтың қызметкерлері Сью Глассфорд пен Стефани Палмер ұйымдастырушылық және жоспарлау мәселелеріне назар аударды.

 

Кездесу барысында тағылымдамадан өтушілер бір-бірімен және үйлестірушілермен танысып, алдағы оқудың маңызды аспектілерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл тағылымдама А.Б. Иргебаеваға кәсіби шеберлігін арттыруға және халықаралық ғылыми қауымдастықта тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

 

 

  alt=