қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.09.2025

«Ана тілің – арың бұл!» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өтті


2025 жылдың 5 қыркүйегінде университетімізде Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған ерекше шара - «Ана тілің - арың бұл» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.


Бұл мерекелік іс-шараға Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары Ж.Султанбаева, Н.Нам, Е.Бурмистрова, Қытай тілі және қытайтану кафедрасының оқытушылары С.Тоқтарбек, А.Раева, С.Мейрхан және 4 курс корей және қытай тілі студенттері белсене қатысты.

 

Ашық тәрбие сағатында студенттер қазақ, ағылшын, корей және қытай тілдерінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесінің тарихы мен маңыздылығын шебер жеткізді. Олар ана тілінің асыл құндылығы туралы ой бөлісіп, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің білім беру жүйесінің жетістіктерін айшықтап көрсетті. Сонымен қатар, көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен татулығын бейнелейтін түрлі этнос өкілдерінің тілдері жайлы әсерлі бейнепрезентация көрсетілді.

 

Бұл шара - студенттердің өз тілін құрметтеуге, ана тілінің қадір-қасиетін түсінуге және қазақ қоғамының тілдік байлығын сақтауға деген ынтасын арттырған рухани кездесуге айналды. Ана тілі - әрбір ұлттың жаны, мәдениетінің айнасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл күн ұмытылмас естелік болып қалды.

 

 

 

  alt=  


  alt=